ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРАПТАУ КЛУБЫ
Қазақстанның сарапшылар қауымдастығында пікірталасқа арналған топ. Қайда және қалай дамуымыз қажет? Бүгінде қоғам не күтеді? Жүйелі реформалар негізі неден құралуы қажет? Мемлекеттік саясат қалыптастыру қағидалары мен іске асыру құралдары қандай болуы қажет?
Қазақстандық Сараптау Клубы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) бастамасымен құрылған және Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры тапсырмасымен 2019 жылы басталған зерттеулер топтамасын ұсынады. Бұл зерттеулерде қорытындылар мен нәтижелер ұсынымдық сипатта берілген және олар баламалы күн тәртібі болып табылмайды.
Жарияланымдар
Аталған кітаптар Қазақстан экономикасының даму факторлары мен жағдайларын кешенді ғылыми-практикалық зерттеу нәтижесі болып табылады. Зерттеуді халықаралық және қазақстандық сарапшылар тобы жүргізді. Зерттеу мақсаттары елдің адам, табиғи, өндірістік және инфрақұрылымдық капиталын қалыптастыру ерекшеліктерінен бастап, экономика мен қоғам сапалы және тиімді жаңғыруы үшін қажет формалды және формалды емес институттарды қалыптастыруға және дамыған 30 елдің қатарына кіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың басым бағыттарын айқындауға дейінгі көптеген мәселелерді қамтыды.
Тұрақты өсім полюстері
Елдің кеңістіктік дамуының ағымдағы моделін қалыптастыру факторларын, урбандалу мен өңірлерді дамыту саласындағы саясатты зерттеу нәтижесінде теңгерімді өңірлік саясат, көші-қонды оңтайлы басқару, сонымен бірге "тұрақты өсім полюстерін" дамыту бойынша шешімдер ұсынылды.
Макроэкономикалық иммунитет
Зерттеу шеңберінде Қазақстанның тұрақты қаржылық иммунитетін қалыптастыру үшін фискалдық және монетарлық саясаттың негізгі кедергілері анықталды. Экономика дамуының сценарийлік болжамдарын экономикалық модельдеуді қолдану, сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқан шараларын бағалау бойынша ұсынымдар жүйесі әзірленді.
Экономиканың жаңа ынталандырулары. Индустрияландыру. Постиндустриялық қоғам.
Кітапта индустриялық экономика мен қоғамның постиндустриялық даму сатысына көшуге қажетті экономиканың түрлі секторларының тиімділігін арттыру және құрылымдық реформаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен шешімдер әзірленді.
Қазақстан Республикасының адам капиталын дамыту
Кітапта Қазақстанның әлеуметтік капиталының жай-күйін қалыптастыратын адам капиталы факторларының жиынтығы, әсіресе құндылық қасиеттері зерттелген. Экономиканың әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуі үшін қажетті адам капиталын қалыптастыру бойынша бастамалар ұсынылған.
Қуатты мемлекет.
Кемел қоғам.
Кітапта мемлекеттік басқарудың ағымдағы және перспективалық моделін дамытуда мемлекеттік аппарат пен қоғамның өзара іс-қимылы және қатысу сипатының мәселелері зерттелген. Мемлекеттік басқарудың проблемалық аймақтары анықталып, мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының нысандары мен басқару жүйелерін трансформациялау бойынша бастамалар ұсынылған.